Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дикий Арман ісі: 20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиевтің апеллияциялық тыңдалымы өтіп жатыр

19:01, 14 қазан 2025 298

Алматы қаласында атышулы “Дикий Арман” ісіне қатысты апелляциялық сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz. 
Арман Жұмагелдиевке қатысты іс қазірдің өзінде қоғам назарында, алайда бұл жолғы тыңдау жабық түрде өтуде – журналистер мен жұртшылықтың қатысуына рұқсат берілмеген.

2025 жылдың 27 қаңтарында сот Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын. Тергеу мен сот оның қылмыстық топ құрып, оны басқарғаны, жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны және 24 адамды заңсыз бостандығынан айырғаны үшін кінәлі деп тапты.

Бұл іс аясында барлығы 43 адам сотталған. Олардың қатарында Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген және ҰҚК-нің бесінші департаментінің экс-басшысы Руслан Искаков та бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар