Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өте ауыр… Балаларыма ешкімнің жаны ашымайды ма?»: Әділет Молдаханның жары жантебірентерлік жазба жариялады (ВИДЕО)

21:09, 14 шілде 2026

Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол апатынан кейін полиция қызметкерлері жайлы дәлелденбеген ақпарат таратқан блогер Әділетхан Молдахан 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Сот үкімімен оған жаза мерзімінен бөлек, алдағы 5 жыл бойы әлеуметтік желілерде қандай да бір материалдар жариялаумен айналысуға ресми түрде тыйым салынды. Қазіргі уақытта шыққан бұл сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қылмыстық істің қозғалуына үстіміздегі жылдың наурыз айында әл-Фараби даңғылында орын алып, үш адамның өмірін қиған апаттан кейінгі жарияланымдар себеп болған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, блогер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан. Сот отырысы барысында Әділетхан Молдахан өз кінәсін толықтай мойындады. Сонымен қатар, жәбірленуші тарап сотталушыдан 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы және 1 миллион теңге сот шығындарын өндіріп алу туралы азаматтық талап қойды.

Сот шешімі жарияланғаннан кейін әлеуметтік желілерде блогердің жұбайының жазбасы тарады. Ол күйеуінің жол апатынан қаза тапқан жандарға тек жанашырлық танытып, пікір білдіргені үшін ғана сотталғанын айтып, отбасындағы жалғыз асыраушының темір торға қамалғанына алаңдаушылық білдірген.

Бүгін сот жолдасыма 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұл шешім біздің отбасымыз үшін өте ауыр болды. Дегенмен, үмітімізді үзбейміз. Заңда көзделген тәртіппен апелляциялық шағым береміз және әділ шешімге сенеміз.

Осы қиын сәтте бізді дұғаларыңызға қосып қойсаңыздар екен. 

Шындық айтып шырылдап қайтыс болған адамдарға жаны ашығаны үшін 2 жыл 6 ай түрмеге тығады ма?!! Менің балаларыма ешкімнің жаны ашымайды ма?!!! Жалғыз асыраушымызды осылай қамап тастау оңай ма?

Қазіргі таңда заңды күшіне енбеген сот үкіміне қатысты апелляциялық тәртіппен шағым түсіруге болады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар