Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Заңға бағыну қажет. Біздің ұстанымымыз өзгермейді”: Оқу-ағарту министрі маңызды мәлімдеме жасады

10:55, 14 шілде 2026

Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде «Құқық негіздері» пәні қайтадан міндетті пән ретінде енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Ana tili» газетіне берген сұхбатында айтты, деп жазады Alash.kz.

«Білім беру бағдарламаларына заң мен тәртіп құндылықтарын енгіземіз. Мәселені ашық айтуымыз керек: қазір оқушылар арасында құқықбұзушылық әрекеттері көбейіп келеді. Мұның себебіне үңілдік. Сөйтсек соңғы жылдардағы кейбір реформалардың салдары байқалатындай. Мысалы, 2022 жылдан бастап жоғары сыныптарда бірқатар пәндер таңдау пәніне айналған. Оның арасында «Құқық негіздері» де бар. Соның салдарынан көптеген оқушы бұл пәнді таңдамаған, яғни оқымаған. Демек, олар заң алдындағы жауапкершілікті толық түсінбей өсіп келеді. Бір жылда жүз мыңдаған түлек оқу бітіретінін ескерсек, қаншама оқушы құқық пен заң ұғымынан алшақтап кеткенін бағамдауға болар. Сондықтан жаңа оқу жылынан бастап «Құқық негіздері» пәнін қайтадан міндетті пән ретінде енгіземіз. Бұған қоса, 5–7-сыныптарда «Конституция негіздері» пәні оқытылады. Бұл бастамаға әртүрлі пікір айтылды. Бірақ біздің ұстанымымыз өзгермейді. Бала заңды құрметтеуді сөз жүзінде емес, оның мәнін түсіну арқылы үйренуі керек. Заңға бағынудың, заңды сақтаудың, құқығын білудің маңызын мектептен меңгеруі қажет»,-деді министр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар