Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ел басына қиын жағдай түскен сәтте Тамара Асардың үн қатқанын естіңіздер ме? Әркім өз орнын білсін!”: Мейірман Шекеев (ВИДЕО)

13:47, 14 шілде 2026

Заңгер Мейірман Шекеев әншілердің депутат болуына қарсы екенін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.

Заңгер Қазақстан Халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына үміткер ретінде ұсынылған әнші Тамара Асар жайлы пікір білдірді.

Оның айтуынша, заң шығару ісімен кәсіби мамандар айналысуы тиіс.

«Құрметті достар!

Тамара Асарды да көріп жатырмыз. Айтыңыздаршы, осы уақытқа дейін Тамара Асардың қоғамға пайдалы бір әрекетін көрдіңіздер ме?

Қаншама резонансты істер болып жатқан кезде, қаншама еліміздің басына қиын жағдай түскен кезде Тамара Асардың үн қатқанын естіңіздер ме?

Осы уақытқа дейін үнсіз жүрген азаматтар ертең Құрылтайға барғанда батыл сөйлейді дегенге сіздер сенесіздер ме?

Халықтың адамы болу үшін оның болмысы сондай болуы керек деп санаймын. Мен Тамара Асарға да, басқа да қарсы емеспін. Бірақ “шымшық сойса да, қасапшы сойсын” демекші, әрқайсымыз өз орнымызды білсек екен дейміз.

Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әншінің жазған заңымен заңгер болып жүргім келмейді.

Біз ертең заңгерлер сахнаға шығып, өлең айтсақ, бізге сын айтар ма еді, айтпас па еді? Әрине, айтады. Сондықтан менің айтып тұрғаным басқа нәрсе. Сіздер қалай ойлайсыздар?», – деді Мейірман Шекеев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар