Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Болат Назарбаевтың жаназасы оқылып, ақтық сапарға шығарып салды

Болат Назарбаевтың жаназасы оқылып, ақтық сапарға шығарып салды


Экс-президенттің інісін ақтық сапарға шығарып салуға біршама адам жиналды. Жаназаға Жас Алаш тілшілері де барған. Бірақ журналистерді жиналған топқа жақындатқан жоқ.

Шамалғаннан ақпарат таратқан тілшілер жаназаға 500-ден аса адам келгенін айтады.

Әлеуметтік желі қолданушылары жаназаға бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев келіп, сөз сөйлегенін айтып жатыр. Жарияланған видеода сөз сөйлеп тұрған адамның түрі көрінбейді, бірақ дауысы экс-президенттің дауысына ұқсайды.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар