Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Біз онымен күнде хабарласып тұрамыз". Ақмарал Әлназарова Ажар Ғаният туралы айтты

15:15, 14 ақпан 2024 448
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ажар Ғанияттың ендігі қызметіне байланысты пікір білдірді.

Оның пікірінше, Ғанияттың жаңа қызметі міндетті түрде денсаулық сақтау саласымен байланысты болады.
"Біз мықты кадрлардан қол үзгіміз келмейді. Ажар Ғаниятқызының денсаулық сақтау жүйесінің әкімшілік қызметінде үлкен тәжірибесі бар. Сондықтан оның жүріп өткен жолын алдағы уақытта міндетті түрде қолданамыз. Жақын күндері Ажар Ғиниятқызының қай салаға келетінін білесіздер. Нақты ұстанымы әлі белгісіз. Бірақ бұл денсаулық сақтау жүйесі болатыны сөзсіз. Бізге оның тәжірибесі қажет. Қазір ол демалып жатыр. Біз онымен күнде хабарласып тұрамыз",

- деп жауап берді Әлназарова tengrinews.kz тілшісіне.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар