– Қазақстанда қазір 2,5 млн киік бар. Тек буаз киіктер жайлы айттыңыз. Қыркүйектің желтоқсанның аяғына дейін аңшылыққа рұқсат етеміз. Қараңыздаршы: тамызда қабан төлдейді. Қыркүйекте елік, тауешкі күйлейді. Жалпы аңдардың көбі қарашаның ортасында күйлейді. Әлемде аңшылық жасайтын мерзімде көп аң күйлейтін кезеңде болады. Сол себепті біз биологиялық ғылыми негіздеме аясында жұмыс істеп жатырмыз, – дейді Ерлан Нысанбаев үкіметтің баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, киікті ату ақпан айынан бастап тоқтатылады.
– Тек киікті буаз күйінде атып жатыр деуге болмайды. Ендеше жалпы аңшылықты тоқтатайық. Тек киікті ғана буаз кезінде атса бір мәселе. Мен де ондайға бармас едім. 2,5 млн киік бар. Өсімтал аң бұл. Ұрғашы лақ мамырда туса, сол жылдың желтоқсанында, жеті айында күйлейді. Өсімтал мал. Қаншалықты теріс ықпалын диқаншылар көріп отыр. Биыл мамырда 40 пайыз төлдейді, – дейді ол.