Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бір үйден үш адам қаза тапты: Алматы облысында ауыр жол апаты болды, полиция қызметкері кінәлі

09:46, 25 маусым 2026
 

Қайғылы оқиға 23 маусым күні автожолдың 132-шақырымында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Haval көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соғысқан, деп жазады Alash.KZ.

Қатты соққы салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен бір отбасының екі жолаушысы – ерлі-зайыптылардың қызы оқиға орнында көз жұмды.

Қаза болған әйелдің әпкесі әлеуметтік желіде көлікте отбасының балалары мен 10 айлық немересі де болғанын айтты. Оның сөзінше, олар аман қалғанымен, көптеген жарақат пен сүйектері сынған және қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ ол екінші көлікті әскери форма киген қызметкер басқарғанын және оның мас күйде болғанын мәлімдеді. Әйел кінәлілер жауапкершіліктен құтылып кетпеуі үшін істі қоғам назарында ұстауды сұрады.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктінің қамауға алынғанын хабарлап, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар