Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бір қыз кетті, бір қыз орнында қалды

16:17, 06 ақпан 2024 349
Үкіметте ауыс түйіс болып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қызметін сақтап қалды. Ал денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаятқызы қызметінен кетті, - деп хабарлайды alash.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Ол бұл қызметке 2023 жылғы 2 қыркүйекте де тағайындалған еді. Ал бұған дейін Президент әкімшілігінде қызмет атқарды.

2020-2022 жылдары ақпарат және қоғамдық даму министрі де болды.

Денсаулық сақтау министрі лауазымына Ақмарал Әлназарова тағайындалды.




Бұған дейін бұл қызметте Ажар Ғиният болған еді.




Ақмарал Әлназарова 1971 жылы 16 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген.




Алматы мемлекеттік медицина институтын "Педиатр дәрігер" мамандығы бойынша және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.



Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда қалалық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімшесінің дәрігері болып бастады.




Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.





Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол Қызылорда облысынан сенат депутаты болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар