Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Байбазаровтың қолында дерек жоқ. Орынбасары "тақылдап тұр"

16:31, 05 наурыз 2024 340

Шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтарып, одан түскен қаржы еліміздегі әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалады. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов айтты, деп хабарлады alash.kz.

Үкіметтің баспасөз орталығында ҚР премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров активтерді қайтару жөніндегі комиссия мүшесі атанғанын, бірақ қолында жаңа деректер жоқ екенін жеткізді.

Оның сөзін Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов толықтырды.

«Активтерді қайтару бойынша Қаржы министрлігінің жанынан жеке қор құрылды. Бүгінде 1 трлн теңгеге жуық қаражат қайтарылды. Ол жерде тек ақша емес, активтер де бар. Сондықтан біз ол активтерді нарыққа шығаруымыз керек. Одан түскен қаржыны еліміздің әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмсалады. Бүгінде қолда бар ақпаратқа сәйкес, қаражат ауруханалар мен мектептер салуға жұмсалып жатыр. Оның ішінде шамамен 200-300 млрд теңге мектеп салуға жіберілді» - деді министрдің орынбасары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар