Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балаларға қазақша контент жасаушыларды үздіксіз қолдау керек - ӘШІМБАЕВ

12:06, 06 маусым 2024 428

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақ тілді контентті көбейту керегін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.  

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіне құлаққағыс етті. 

Негізгі заңды талқылау кезінде спикер М.Әшімбаев Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовқа нақты ұсыныс айтты.

"Қанат Жұмабайұлы, осы мәселеге орай және екінші сұраққа байланысты айтсақ, кеше қазақ тілінде контент жасайтын креативті индустрия өкілдерінің форумына қатысып келдік. Сол жерде де осы қазақ тілінде балаларға контент жасап жүрген мамандар біраз мәселені көтерді. Бәрі қаржылық көмек мәселесін айтып жатыр. Сондай-ақ, маркетинг мәселелері де тілге тиек болды. Жалпы ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндіктері туралы да мәселелер көтеріп жатыр. Сіздер ақылдасып, Масс-медиа туралы заңды депутаттар қабылдап жатса, соның аясында балаларға қазақ тілінде контент жасап жүрген мамандарды орталықтарды қолдауларыңыз керек. Бізде өте жақсы, жас мамандар өсіп келе жатыр. Кеше біз оларды көрдік, ойларына, ұсыныстарына риза болдық. Біз жалпы мемлекет тарапынан осындай компанияларға бір күндік емес, жүйелі түрде көмек беруіміз керек. Грант күйінде болсын, басқа формаларда болсын, жас таланттарды қолдау бағытында жұмыс істеуіміз керек", - деді Сенат төрағасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар