Ақтөбеде 69 жастағы дәрігер жоғалып кетті, деп хабарлайды Alash.KZ порталы.
Нефролог-дәрігер Абай Айсағалиев 23 мамырда үйден шығып кеткен. Дәрігер ізім-ғайым жоғалды.
Оны іздеуге еріктілер де қосылды.
- Абай Айсағалиұлы белгілі дәрігер-нефролог, оны көпшілік біледі. Ол 23 мамырда үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмады. Туыстары қатты алаңдайды", - дейді "Zello Poisk" еріктісі Екатерина Голотина.
Ер адам көзілдірік киеді, бір көз көрмейді. Ол қара джинсы мен сұр немесе қою көк желбегей киген болуы мүмкін. Егер сіз ер адамды көрген болсаңыз, не білсеңіз, 8-707-881-20-98 немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.