АҚШ-та жүйрік атқа теннистен еліміздің бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакинаның есімі берілді, деп хабарлады Rraketkasi Telegram-арнасы.
Америка Құрама Штаттарында былтырдан бері «Рыбакина» деген лақап аты бар үш жасар жылқы жарыстарға қостырылып келеді. Ол осы уақытқа дейін екі жарысқа қатыстырылып, оның бірінде үшінші орын алды.
Қолда бар мәліметке қарағанда, «Рыбакинаның» жалпы табысы дәл қазір 7 340 доллар болып отыр, – делінген хабарламада.
Асыл тұқымды жүйрік атқа Қазақстанның атақты спортшыларының есімін беру алғаш рет беріліп отырған жоқ.
2020 жылы АҚШ-та тағы бір сәйгүлікке боксшы Геннадий Головкиннің есімі берілген болатын. Қазір оның иесі жылқыны Құрама Штаттарда жарысқа қостырып жүр.