Американың Калифорния штатында алғашқы қазақ балабақшасы ашылды, – деп хабарлайды alash.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
АҚШ-та білім орталығын құру туралы идея отандасымыз Жанна Атабековаға тиесілі. Оның айтуынша, енді Кремний алқабында тұрып, жұмыс істейтін қандастарымыз өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіріп, қазақ тілін үйрете алады.
Сондай-ақ балабақшаға Қазақстаннан келген иммигранттармен қатар қырғыз және америкалық отбасылар да балаларын бере алады.