Алматы облысында полицейлер суицид жасамақ болған жас қыздың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы 24KZ телеарнасы хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
16 қаңтарда Жамбыл аудандық полиция бөлімінің "102" пультіне хабарлама түскен. Қыздың айтуынша, Қарғалы ауылында тұратын құрбысы суицид жасағысы келеді екен.
Оқиға орнына келген полицейлер үйдің есігі құлыптаулы екенін анықтаған. Көп ойланбай, полицейлер терезені сындырып, ішке кіруге шешім қабылдаған. Бөлмелердің бірінде тамырларын кескен жас қызды тапты.