Алматы-Өскемен тас жолының 55 шақырымында бес бірдей адамның өліміне себепші болған ауыр жол көлік апаты болды, деп жазады "Alash.kz.
Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты.
"Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы кәмілетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді", — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды деп жазды inbusiness.kz сайты.