Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алаш баласы банан өсіре бастады. Түркістан топырағында алғашқы өнім жиналды

10:40, 29 мамыр 2024 652
Түркістан облысы, Сайрам ауданының жылыжайында Алаш баласы банан теріп жүр. 9 ай бойы піскен банандардың алғашқы өнімдері жиналғаны хабарланды. Жақын күндері Түркістан топырағында жеміс берген өнімдер Алматы мен Шымкент базарларына түседі, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Аlmaty.tv ақпараты бойынша, өндірушілердің уәдесімен жергілікті банандар импортталғандарға қарағанда арзанырақ болады.

Бір ағаштағы жемістің салмағы 40 килограмнан асады. Олар жылына бірнеше рет өнім жинауды жоспарлап отыр.

"5 гектарда 9 мың ағаш бар. Алғашқы егіннен бастап 600 тонна жинауды жоспарлап отырмыз. Болашақта банандарды жылына 2-3 рет жинау ойда бар. Жалпы, 12 айда 2000 тоннаға дейін жеміс алу мақсатымыз", - деді кәсіпкер Ислам Әлиев. 

Енді фермер авокадо өсіруді де қолға алғысы келеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?