Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ажырасып кеттік… Шындықты айтайын…”: Сейфуллин Жолбарыс алғаш рет жеке өмірі туралы айтты (ВИДЕО)

21:00, 15 шілде 2026

Әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс алғаш рет жеке өмірі туралы айтты, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі жұбайымен үш жыл бұрын заңды түрде ажырасқанын мәлімдеді. Десе де, отбасымен байланыс үзбей, балаларының болашағы үшін өзара сыйластықты сақтап келе жатқанын айтты.

”Шындықты айтып кетейін… Ажырасып кеткеніміз рас. Үш жыл өтіп кетті. Заңды түрде ажырастық. Бірақ бізде екі қыз бар. Ортақ достарымыз бар. Сондықтан той-томалақтарда бірге жүреміз. Екі қызымыз тұрғанда біз өмір бойы бірге жүре береміз. Оларды өсіріп, жеткізуіміз керек. Бастысы, бір-бірімізге деген сый-құрметті сақтап қалу керек”, - деді Сейфуллин Жолбарыс “Oilau YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар