Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Адамзат 8 млрд 119 млн-ға жетті – БҰҰ

19:48, 21 сәуір 2024 604

Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық қоры (UNFPA) 2024 жылғы Дүниежүзілік халық жағдайы туралы есебін «Тоғысқан өмірлер, үміт ағындары: жыныстық және репродуктивті денсаулықты және соған байланысты теңсіздіктерді тоқтату» тақырыбымен жариялады. Бұл туралы alash.kz сайты Түркияның TRT басылымына сілтеме жасап хабарлаған Азаттық Рухына сілтеме береді. 

Басылым мәліметінше, биылғы есепте бүкіл әлемде жыныстық және репродуктивті денсаулық саласындағы теңсіздіктің артып отырғаны атап өтілді.

Есепке қарағанда, Африкадағы әйелдердің жүктілік пен босануға байланысты аурудан қайтыс болу ықтималы Еуропадағы немесе Солтүстік Америкадағы әйелдерге қарағанда 130 есе көп.

Дүние жүзіндегі халық санының 8 миллиард 119 миллионға жеткені білдірілген есепте Үндістан халқының 1 миллиард 441 миллионға жеткені атап өтілді.

Үндістанның 1 миллиард 425 миллион халқы бар Қытайды басып озып, бірінші орынға көтерілуіне әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруы, ана өлімінің азаюы ықпал еткені айтылды.

БҰҰ деректеріне сәйкес, Қытай халқының саны 2022 жылы 1,426 миллиардқа жеткеннен кейін азая бастады. Сарапшылардың болжауынша, Қытай халқының саны осы ғасырдың соңына қарай 1 миллиард аз болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Сирия үшін дау

20:41, 07 желтоқсан 2024 248