Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

5 млн 152 мың теңге. Досаевты сынағандарды анықтау үшін қаржы бөлінген

07:30, 20 желтоқсан 2023 312

Естімеген елде көп деген рас ау. Мемлекеттік сатып алу сайтында Алматы әкімдігі тарапынан "қызықты тапсырыс" анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ras_aitam парақшасына сілтемесі жасап.




Тендерді кім ұтты?




Тендерді Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының "мониторинг және талдау орталығы" өткізіпті. Ведомствода мемлекеттік бюджеттен 5 млн 152 мың теңгеге "Alem Research" ЖШС-ге "БАҚ-ты талдау және мониторингілеу жөніндегі қызметтерге" тапсырыс берілген. Оларға қандай БАҚ пен блогерлер өз жарияланымдарында Ерболат Досаевты атап өтетіні және қандай негізде екенін анықтау жүктеліпті.

Бір қызығы, Алматының қазіргі әкімі тэгтелген 12 мың жарияланымның барлығы дерлік жақсы жаңалық болмай шықты.

Егер сіз мемлекеттік сатып алу сайтындағы лоттың бетін мұқият зерттесеңіз, тапсырыстың толық орындалу мерзімі осы жылдың 31 желтоқсанына белгіленгенін байқай аласыз.

Хейтерлер тізімі

Досаев туралы жағымды пікірлер Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің сайтында өріп жүр.

Бірақ Alem Research "зерттеуіне қарағанда Ерболат Асқарбекұлының басты "хайтері" журналист Асхат Ниязовтың "Обажаю" Youtube-арнасы екен.

"Досаевтың тізімімен" толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Сары сызық теріс пікір білдіргендерді, көк –  оң көзқарас білдіргендерд, сұр – бейтарап сипаттағы ескертулерді білдіреді:









Көріп тұрғандарыңыздай зерттеуде "Неге" редакция да аталған.

“Негатив” неге көп?

Ерболат Досаев әкім қызметінде бірнеше жанжалдың ортасында қалғаны белгілі. Әсіресе, қала тұрғындарына есеп беру брифингі кезінде Досаевтың “жұлдызы жанатын”. Ол шағымданған алматылықтармен базардағы әйелдерше салғыласып ұрысатын. Әрине, мұндай сәттер желіде жиі тарап кетеді. Содан алматылықтар ғана емес, еліміздің басқа да тұрғындары оны сынап тастаған еді.

Мәселен, Ерболат Досаев блогер Асхат Ниязовты жеке кеңістігіне басып кіргені үшін сотқа береміз деп қорқытты. Жанжал коммерциялық әуежай аумағында, қала басшысының Астанадан Алматыға жеке рейспен ұшуы барысында болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар