Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту керек

14:38, 07 ақпан 2024 259

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды alash.kz сайты inbusiness.kz сілтеп.




"Микро және шағын кәсіпкерлік үшін еңбекақы төлеу қорынан бір реттік төлем жасауды енгізу ісі де аяқсыз қалды. Бұл норманың енгізілгеніне бір жылдан асты. Уәкілетті органдар жұмыстың табысты атқарылғаны туралы есеп берді. Ал бизнес өкілдері бұрынғысынша салық пен жарнаны бюджеттік емес қорларға жеке-жеке төлеуді жалғастырып жатыр", – деді Президент.



Мемлекет басшысы бір жағынан, орта бизнеске нақты қолдау көрсету мәселесіне айрықша мән беру керектігін жеткізді.




"Мысалы, көп жағдайда бизнесті қолдан ұсақтап жатады. Кәсіпкерлерді тиісті санатқа бөлу әдістемесі дұрыс жолға қойылмаған. Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде орта бизнеске басымдық берілуі керек. Осы мәселелерді міндетті түрде шешу қажет. Бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту керек, соның ішінде реттеу қағидатын қолдану арқылы ықпал етуді доғарған жөн. Тоқетерін айтсақ, осы салаға сапалы өзгеріс жасау керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар