Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

24 жылдан кейінгі кездесу: Ділдәбековпен жұдырықтасқан кубалық Рубалкаба Қазақстанға келді

11:42, 24 маусым 2024 1040

2000 жылы Сиднейде (Аустралия) өткен жазғы Олимпиада ойындарында Мұхтархан Ділдәбековпен жұдырықтасқан әйгілі кубалық боксшы Алексис Рубалкаба Қазақстанға келді.

Қос боксшы араға 24 жыл салып қайта кездесті, деп хабарлайды Alash.kz.

Рубалкаба Түркістан облысында 2006-2007 жылы туған жастар арасында өтетін Мұхтархан Ділдәбеков атындағы он екінші халықаралық турнирге құрметті қонақ ретінде шақырылған.

Ділдәбеков пен Рубалкабаның 24 жылдан кейінгі кездесуінің видеосы Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Видеодан қос боксшы төс қағысып амандасқанын көруге болады.

Ділдәбеков пен Алексис Рубалкаба 2000 жылы Сидней Олимпиадасының ширек финалында жұдырықтасқан еді. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңіске жеткен болатын. Ділдәбеков осы Олимпиаданың финалына дейін барды. Ол ақтық сында ұлыбританиялық Одли Харрисонға есе жіберіп, күміс жүлде еншіледі.

Еске салайық, Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті деп жазды nur.kz.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?