Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“14 адам ұсталды”. Бейнеуде жаппай төбелес болып, бір жасөспірім көз жұмды

13:50, 15 тамыз 2025 282

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орын алған жаппай төбелес қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды Alash.kz.
14 тамызға қараған түні ауыл ортасында бірнеше жас жігіттің арасындағы жанжал соңы қайғылы жағдайға ұласып, 2006 жылы туған жергілікті тұрғын қаза тапты.

Полиция департаментінің дерегінше, қақтығысқа барлығы кәмелет жасына толған студенттер қатысқан. Алдын ала мәліметке сәйкес, сөзге келіспеушілік бір сәтте ушығып, тараптар күш қолданған. Салдарынан бір жігіт ауыр жарақат алып, оқиға орнында немесе ауруханаға жеткізілген сәтте көз жұмғаны хабарланып отыр.

Оқиға жайлы хабар түскен бойда құқық қорғау органдары шұғыл әрекет етіп, ізін суытпай 14 күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі таңда олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу аясында жанжалдың шығу себебі, қатысушылардың рөлі және оқиға барысы жан-жақты зерттелуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар