Қанат Бейсекеевтің Zamandas атты қазақ жастарының қатысуымен жазатын подкасты жарық көрді.
Онда қонақ ретінде Айсұлтан Сеитов, блогер Жандос Қахар мен Әнуар Базаргелді келген.
Сөз барысында Айсұлтан Сеитов экс-мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлының берген уәдесін еске алды. Оның айтуынша, сол кездегі министр оған 10 млн доллар мен биліктен бір орын уәде еткен.
Сондай-ақ Сеитов президент жанындағы жастар кеңесі туралы да сөз қозғады. Оның айтуынша, жастар кеңесін құру идеясы ҚР мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мен Сәкен Жолдаспен (Qazaq Republic негізін қалаушы) түскі ас кезінде туындаған.
Дереккөз