Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зорламақ болды: Құрылыста жасайтын шетелдік азамат 15 жастағы оқушы қызды ұрлап, қамап қойған

09:02, 13 маусым 2025 611

Санкт-Петербург қаласында 15 жастағы қызды көлікке күштеп отырғызып, оны ішінде ұстап отырған шетелдік азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Тергеу комитетінің мәліметінше, ер адам кәмелетке толмаған қызды көліктің артқы орнына отырғызып, есігін жауып үлгерген.

Күдіктіні құрылыс алаңындағы жұмысшы тоқтатуға тырысқанымен, мектеп оқушысы қашып үлгермеген.

Қыз бөгде азаматтың көлігінен тек оқиғаға куә болған жүргіншілер назар аударғаннан кейін ғана шығып үлгерген.

Кейін күдікті ұсталды. Оның 45 жастағы мигрант екені анықталды.

Тергеу комитеті ҚР ҚК 127-бабы (кәмелетке толмаған адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғады. Жуық арада ұсталған азаматпен тергеу амалдары жүргізіледі. Тергеу жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар