Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жетінші баласына жүкті әйел қару дүкенін тонады деп айыпталуда

05:12, 22 ақпан 2022 236

Жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысты.

Әуезов ауданы ПД мәліметінше, жетінші баласын күтіп отырған әйел күйеуіне мылтық, тапанша, оқтар және басқа да оқ-дәрілерді ұрлауға көмектескен.

«Тінту кезінде тәркіленген үйлердің ішінде тоғыз Сайга оқпандары, 2 шолақ мылтық, тапанша, оқтар, резеңке сойылдар, ағаш жарғанақтар, сапер күрегі мен радиостанциялар болды. 1996 жылы туған азамат Т., жеке үйінің алдындағы аумақта ұрланған қару-жарақ салынған пакеттерді көміп кеткен. Сондай-ақ, күдіктінің мінген көлігі де анықталды. Бұл кезде оның қасында әйелі болған. Ол күйеуінің қызба әрекетінен, қылмыс жасауынан тыйылмай, ұрланған заттар салынған жәшіктерді көлікке тиеуге белсене көмектескен» деді Алматы қаласы ІІД басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Заттай айғақ тәркіленді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы бойынша тіркелді. Әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=k1KapfnpChE[/embed]



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар