Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Зеленский Путинмен бетпе-бет кездесуге дайын” - Ушыққан территориялық мәселелер қалай шешілмек?

17:32, 23 тамыз 2025 327

Украина президенті Владимир Зеленский аумақтық мәселелерді тек Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей кездесуде талқылауға дайын, деп жазады Alash.kz.

 Бұл туралы NBC News арнасына берген сұхбатында Украинаның сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кислица айтты.

“Президент Зеленский аумақтық проблемаларға қатысты ұстанымын нақты жеткізді. Ол бұл тақырыпты Путинмен бетпе-бет отырып талқылауға дайын. Әңгіме басталатын нүкте – қазіргі қақтығыс аймағында қалыптасқан шекара сызығы”, – деді Кислица.

Украина мен Ресей арасындағы соғыс 2022 жылдың ақпан айында басталғаннан бері екі тарап келіссөзге бірнеше рет талпыныс жасағанымен, нәтижесіз аяқталған. Зеленскийдің бұл мәлімдемесі халықаралық қауымдастықта қызу талқыланып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар