Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зеленский отбасының жылдық табысы жарияланды

17:03, 31 наурыз 2025 964

Украина президентінің кеңсесі мемлекет басшысы Владимир Зеленский отбасының өткен жылғы ресми табысы туралы ақпарат жариялады, деп жазады Alash.KZ.

Жарияланған мәліметке сәйкес, 2024 жылы Зеленский отбасының табысы 15 миллион гривенді (182 миллион теңгеден астам) құраған. Оның шамамен 8,5 миллион гривені (130 миллион теңгеге жуық) мемлекеттік қарыз облигацияларының өтелуі есебінен түскен.

Қалған сома Украина президентінің жалақысынан, банктегі пайыздық түсімдерден және жеке жылжымайтын мүлікті жалға беруден алынған табыстан құралған.

2023 жылы Зеленский отбасының табысы шамамен 12,5 миллион гривенді (150 миллион теңгеден астам) құраған. Украина президентінің кеңсесі бұл өсімді "жалға алу төлемдерінің толық көлемде қайта түсуімен" түсіндірді.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-пен пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі келісімнен шығуға ниетті екенін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, ол екінші мерзімге сайлауға түсуге дайын екенін жаздық.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар