Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Зейнеткерді сүйреп, қабырғасын сындырған” - Алматы полициясының өрескел әрекеті жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)

10:33, 05 қазан 2025 228

Алматы облысында полицейлер 77 жастағы әжейді күштеп шығарып, қабырғасын сындырып жіберген, деп хабарлайды Alash.KZ.

Желіде тараған видеодан екі полиция қызметкерінің жасы келген әйелді үйінен күштеп шығарып, подъезге қарай итеріп жіберген сәті анық көрінеді. Кадр соңында ауыр соққы алған әжейдің қиналған даусы естіледі.

Оқиға бір сәтте әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғамның наразылығын тудырды. Көпшілік “қарт адамға қол көтеру - адамгершілікке жат әрекет” деп пікір қалдырған. Кейбіреулер құқық қорғау органдарының мұндай қатыгездігін сынға алып, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті.

Пост авторының айтуынша, оқиға болғаннан кейін әйел аудандық ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер толық медициналық тексеруден өткізуден бас тартып, тек ауырсынуға қарсы укол салумен шектелген. Сол күні әжейдің жағдайы ауырлай түскен соң туыстары оны қаладағы ауруханаға апарған. Сол жерде дәрігерлер әйелдің бір қабырғасы сынғанын анықтаған. Бұл дерекке медициналық анықтама да тіркеліп, желіде жарияланған.

Жәбірленушінің туыстары оқиғаға байланысты құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Олар “әжей ешқандай қарсылық көрсетпегенін, тек өз үйін тастап кеткісі келмегенін” айтады. Ал көршілердің бірі “полиция қызметкерлері әйелге дөрекі сөйлеп, итеріп шығарғанын” растаған.

Алматы облысының полиция департаменті бұл жайтқа қатысты ресми түсініктеме берді. Mәліметінше, оқиға мемлекеттік органның заңды талабына бағынбаудан кейін орын алған.

 “Әйел әкімшілік іс жүргізу барысында талаптарға бағынбағандықтан, полиция қызметкерлері шара қолдануға мәжбүр болды”, - делінген хабарламада.

Дегенмен департамент полицейдің әрекетінде дөрекілік пен заң бұзушылық белгілері бар екенін мойындап, қызметтік тексеру тағайындалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар