Павлодар қаласында өткен волейбол жарысы кезінде Шымкент командасының бапкері жас спортшы қызды ұрып жіберді, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Оқиғадан кейін қабылданған шаралар нәтижесінде кінәлі бапкер 2 жыл мерзімге жарыстардан ресми түрде шеттітілді.
Аталған жарысты Қазақстанның ұлттық волейбол федерациясына қарамайтын жекеменшік лига ұйымдастырғаны белгілі болды. Турнир кезінде тиісті бақылаудың болмауына байланысты жарысты ұйымдастырушыларға қатаң сөгіс жарияланып, айыппұл салынды. Сондай-ақ орын алған келеңсіз жағдай үшін Шымкенттің волейбол академиясына да қатаң түрде сөгіс берілді.