Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғыста 700 мыңға жуық Ресей әскері бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Бұл туралы Ресей басшысы әскери мамандармен өткен "Батырлар заманы" бағдарламасы аясында хабарлады.
Алайда олардың ішінде келісімшартпен басқыншылыққа аттанғандар санын, ұрыс үшін арнайы жұмылдырылғандар жайын нақтыламады.
Естеріңізде болса, 2023 жылдың желтоқсанындағы тікелей байланыс кезінде Путин Украинада соғысып жатқан ресейлік топтың құрамында 617 мың әскер барын айтқан. Сонымен бірге ол 2023 жылы 486 мың адамның қарулы күштер қызметімен келісімшартқа отырғанын атап өтті.