Ұзынағаштағы Қазпошта кассирлері 84 млн теңге жымқырған
11:21, 22 шілде 2024
Алматы облысындағы «Қазпошта» АҚ кассирлері 84 млн теңге мемлекеттік бажды жымқырған, деп хабарлайды Alash.KZ.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істейтін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырған.
Олар көші-қон қызметіне баж сомасы жайлы жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген.
Аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Соңғы жаңалықтар
Тарихи нәтиже: Құрманбек Ақжол екі алтын медаль жеңіп алып, Азия рекордын жаңартты
20:00, 12 тамыз 2026
Оқу-ағарту министрі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына арналған кеңес өткізді
14:40, 12 тамыз 2026
“Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ“ - Алматыда жер сілкінді
13:15, 12 тамыз 2026
«Жапонияда тегін білім ала алады»: Қазақстан студенттері үшін қуанышты жаңалық шықты
09:34, 12 тамыз 2026