Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Үздік көрсеткіш! 12 алтын»: Қазақстан V Азия Пара ойындарын тарихи нәтижемен аяқтады 

16:00, 25 қазан 2026

Қазақстан құрамасы Айти-Нагоя 2026 V Азия Пара ойындарындағы өнерін жаңа тарихи нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды Alash.kz.

ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, ұлттық құрама 50 медаль - 12 алтын, 16 күміс және 22 қола жүлде жеңіп алып, Азия Пара ойындарына қатысу тарихындағы бірден екі үздік көрсеткішті жаңартты - алтын медаль саны және жалпы жүлде саны бойынша. Бұған дейінгі Ханчжоуда орнатылған рекорд 8 алтын және жалпы 41 медаль болатын.

Құрама сапында да оң динамика байқалады: Ханчжоудағы Ойындарда Қазақстан атынан 131 спортшы өнер көрсетсе, Айти-Нагояда олардың саны 150-ге жетті. Бұл елде паралимпиадалық спортпен айналысатын спортшылар санының артып келе жатқанын да көрсетеді.

Жалпы медальдық есепте Қазақстан 9-орын иеленіп, алдыңғы Азия Пара ойындарымен салыстырғанда екі сатыға жоғарылады. Ханчжоуда ұлттық құрама жарысты 11-орынмен аяқтаған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар