Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Үстіне бетон төбенің бір бөлігі құлап кеткен»: Кореяда Қазақстан азаматы қаза тапты

11:33, 01 қазан 2026

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында құрылыста жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы оқиға 29 қыркүйекте орын алған. Кореялық БАҚ-тың мәліметінше, ер адам ғимараттың 23-қабатында жұмыс істеп жатқан сәтте үстіне бетон төбенің бір бөлігі құлап кеткен.

Осы оқиғадан кейін Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігі аталған құрылыс нысанындағы барлық жұмыстарды тоқтатты. Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты ресми түрде растады.

Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланысқа шығып, қажетті көмек көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын кореялық құзырлы органдар анықтауда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар