Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұшақпен бірге із-түссіз жоғалған вице-президенттің қаза тапқаны белгілі болды

11 маусым 2024 140

Малави вице-президенті Саулос Чилима қаза тапты. Саясаткер он адаммен бірге ұшақта болған. Алайда әуе кемесі радар экрандарынан жоғалып кеткен, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Саулос Чилима 10 маусымда республиканың астанасы Лилонгведен ұшты. Онымен бірге ұшақта тағы тоғыз адам болған. Кейін әуе кемесі диспетчерлік радарлардан жоғалып кетті. SHOT телеграм арнасының мәліметінше, ұшақ астанадан шыққаннан кейін байланыс үзілген.

Малави президенті Лазарус Чаквера осыған байланысты іздестіру операциясын бастаған болатын. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, африкалық мемлекет басшысы Чилиманың ұшағы жоғалып кеткеніне байланысты Багама аралдарына жоспарланған шетелдік сапарынан бас тартқан. Президент барлық аймақтық және ұлттық агенттіктерге бұйрық берді.

Мамыр айының соңында Иран президенті Ибрахим Раиси ұшақ апатынан қаза тапты. Сондай-ақ, республиканың сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян да қайтыс болды. Президентпен қоштасуға бірнеше мың азамат жиналды. Рәсім Иранның солтүстік-батысындағы Тебризде өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?