Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үш жасар қызын өлтірді деген күдік бар". Павлодар облысында мас күйінде өз қызының өмірін қиған ер адам жайлы айтылды

09:42, 27 қыркүйек 2025 126

Павлодар облысында қаза тапқан балаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды  Alash.kz.

Баланың қаза болу дерегі бойынша Павлодар облысының полициясы қылмыстық іс қозғады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 21 қыркүйекте Тереңкөл ауылындағы үйден ауруханаға ауыр дене жарақаттарымен қыз бала жеткізілген. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ол есін жимастан қайтыс болды.

Қылмысты жасады деген күдікпен залал шеккен баланың әкесі ұсталды. Ол сот шешімімен қамауға алынды.

Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталуда. Әлеуметтік желілерде Павлодар облысындағы осы қайғылы оқиға туралы ақпарат тарады. Ер адам қатты мас күйінде өз баласына өлімге әкелетін жарақаттар салғаны хабарланады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар