ҰҚК Айдос Есполовтың ұсталғанын растады. Бұған дейін БАҚ беттерінде «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы кеңесшісі Астанада ұсталғанын хабарлаған еді.
«Аталған факт бойынша ҰҚК алдын ала тергеу жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп жазды Alash.KZ Tengrinews.kz сауалына жауап берген ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кейбір ақпарат құралдарының мәліметінше, Айдос Есполов – Нұрсұлтан Назарбаев өзінің екінші жары деп атаған Әсел Исабаеваның туған бауыры. Әсел Исабаева Назарбаевқа Тауман және Байкен есімді екі ұл тауып берген.
Дегенмен кейбір медиа өкілдері бұл ақпараттың шынайылығына әлі де күмән келтіріп отыр.