Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлытау облысында әкімдіктің басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді

03:09, 13 ақпан 2024 278
Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді.

Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
«Ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 млн теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті», - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар