Вице-Президент Ерлан Қарин Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Alash.kz.
«Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі құттықтауында атап өткендей, бұл — мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке.
Елімізде ұлттық мәртебеге ие жалғыз мереке бар. Ол — Республика күні. Сондықтан да біз үшін оның мәртебесі де ерекше, мәні де бөлек.
Ұлттық мерекеміз құтты болсын!
Бір болайық, бірге болайық, биік болайық!», – делінген құттықтауда.