АҚШ-тың Вашингтон қаласында жерленген қазақ әдебиетінің алыбы Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған елдің топырағы мен жусаны жеткізілді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл – халқымыздың ежелгі дәстүрі саналатын «топырақ апару» рәсіміне сай жасалған қадам.
Жазушының ұлы Едіге Мағауин ата-бабалары жерленген киелі мекеннен топырақ алып, әкесінің мәңгілік мекеніне қойды. Зияратқа Вашингтондағы Kazakh American Association ұйымының өкілдері де қатысты.