Трамп пен Путиннің келіссөзінде көптің көкейінде жүрген мына тақырыптар талқылануы мүмкін. Шетелдік МЕДУЗА-Live телеграм арнасы арнайы пост шығарды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Ресей
✹ Ресми түрде: Бітімге келу — қақтығыстың «алғашқы себептері жойылғаннан» кейін ғана. Украинадағы оккупацияланған аймақтар Ресейдің аумағы ретінде танылуы тиіс. Санкциялар алынып тасталуы керек. Украина НАТО-ға кіруден бас тартуы қажет.
✹ Бейресми түрде: Қарулы күштер Донбастан кеткен жағдайда қақтығысты толықтай тоқтатуға дайын. Қосымша талаптарсыз әуедегі бітім жөнінде келіссөз жүргізуге әзір.
АҚШ
✹ Ресми түрде: Басты мақсат — соғысты дереу тоқтату. Путин мен Зеленскийді «бір үстел басына» отырғызу қажет. Егер Путин бітімге келуге келіспесе, Ресейге жаңа санкциялар енгізіледі. Украинаны «бөлу» мәселесі қаралмайды.
✹ Бейресми түрде: Оккупацияланған аймақтардағы Ресейдің іс жүзіндегі бақылауын (заңды түрде мойындамай) және санкцияларды алып тастауды, бітімге келу шарты ретінде қабылдауға дайын. Бірақ Украина НАТО-ға мүше болмайтынына кепілдік бермейді.