Украина Президенті Владимир Зеленский ел тәуелсіздігі күніне орай Украин халқына бейнеүндеу жолдап, Ресеймен соғысқа қатысты бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.
Украиналық "Страна" басылымы Зеленскийдің сөзін толық мәтінде келтірді. Онда ел басшысы бейбітшілік пен қауіпсіздік кепілдіктері тақырыбын қозғады.
"Украина тарихта ешқашан орыстар "ымыра" деп атаған қорлыққа көнбейді. Бүкіл әлем Украинаны естиді, онымен санасады, оның пікіріне құлақ асады. Оның орны – келіссөз үстелінде, оған "есіктің алдында күтіңіз" демейді. Керісінше: "Шешімді тек өздеріңіз қабылдайсыздар" дейді", – деп жалынды сөздерін арнады Зеленский.
Сондай-ақ, Зеленский қазіргі халықаралық жағдайға тоқталып:
"Бүгін АҚШ та, Еуропа да мойындайды: Украина әлі жеңген жоқ, бірақ сөзсіз ұтылған да жоқ", – деді.
Өз сөзінде ол елдің Еуропалық одаққа қосылуының маңызын атап өтіп, басқа мемлекеттердің Украинаны "кедей туыс" емес, "күшті одақтас" ретінде мойындайтынын айтты.
Сонымен қатар, соғыстан кейін Украина үшін басты мақсат – тұрақты әрі сенімді бейбітшілікті қамтамасыз ету екенін жеткізді.