Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украина президентін өлтіруге 400 элиталық әскер жіберілген

15:41, 28 ақпан 2022 226
 



Владимир Зеленский мен оның жанындағы басшыларды өлтіруге 400-ден астам арнайы жалдамалы әскер жіберілген.

The Times басылымының хабарлауынша, элиталық әскердің мақсаты – билікті құлату. Ол үшін оларға биліктегі шенеуніктерді өлтіру керек болған.

Белгілі болғандай, Зеленский мен оның жанындағыларды өлтіру үшін Вагнер атымен белгілі бейресми қарулы топтың 400-ден аса сарбазы Украина астанасына орналасқан.
«Вагнер тобындағы арнайы элиталық жалдамалы сарбаздарды Киевке бес апта бұрын Африкадан алып келген. Олардың басты мақсаты Президент пен Үкімет құрамының көзін құрту» делінген хабарламада.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?