Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҰҒА ғалымдардың үстінен қарайтын тағы бір әкімшілікке айналмауы керек – Күрішбаев

17:46, 14 наурыз 2024 460

ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев Атырауда өтіп жатқан III Ұлттық құрылтайда Қазақстан ғылымының жағдайы туралы мәселе көтерді. Отандық ғылым саласы осы уақытқа дейін мемлекеттің басты басымдықтарынан тысқары қалып келген.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың белсенді ұстанымының арқасында елімізде ғылым мен білім беруді дамытуға бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетілуде. Енді біз ғылымды дамыту стратегиясын дұрыс құруымыз керек. Ол басқа елдердегідей экономиканы дамытуға бағытталған шын мәнінде прагматикалық болуы тиіс. Бұл ретте Ұлттық ғылым академиясына ерекше рөл беріледі. Ол ғалымдардың үстінен қарайтын тағы бір әкімшілікке айналмауы керек. Оның өзіндік бірегей миссиясы мен пайымы бар – тәуелсіз ұсыныстарын беретін автономды, беделді сараптамалық ғылыми ұйым болуға ұмтылу және ғылымды басқару саласында жіберілген жүйелік олқылықтардың орнын толтыру»,-деді Ақылбек Күрішбаев.

Ол үш бағытты атап көрсетті:

Біріншіден, Академия базасында экономиканың, ғылымның нақты жай-күйімен және ғылыми-технологиялық дамудың әлемдік трендтерін бағалау арқылы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындаудың объективті жүйесін енгізу;

екіншіден, іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыру форматын түбегейлі өзгерту қажет;

үшіншіден, аумағы кең Қазақстанда экономиканы теңгерімді түрде дамыту үшін өңірлік ғылымды дамыту өте маңызды.

«Технологиялық дамыған елдердің табысының құпиясы неде? Мысалы, АҚШ-тың әр штатында дерлік ірі зерттеу университеттері бар, олар сол өңірдің экономикасын дамытудың инновациялық орталығы, «ми хабы» болып табылады. Бұл жұмысты тікелей штат губернаторы үйлестіріп отырады.

Ал бізде болса, жағдай мүлдем басқа. Ғалымдар өңірдегі мәселелерді білмейді, ал өңірлер ғалымдардың мүмкіндіктерінен хабарсыз. Тіпті көптеген әкімдіктерде ғылыми салаға жауапты мамандар да жоқ»,- деді ҰҒА президенті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар