Ақмола облысында ер адам түрмеге түсіп, тегін өмір сүру үшін қылмыс жасаған, деп жазады Alash.KZ.
Ер адамның бұған дейін де істі болып, екі рет түрмеде отырғаны анықталды. Ол 2019 және 2023 жылдары теракт туралы жалған қоңырау шалғаны үшін екі рет сотталған.
Бұл жолы да ер адам 112 нөміріне қоңырау шалып, Астана автовокзалына бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат берген. Тексеріс нәтижесінде қоңыраудың жалған екені анықталды.
Сотта күдікті бұл әрекетті баспанасы болмағандықтан түрмеге түсіп, тегін тамақ, киім кешек секілді қажеттіліктерге қол жеткізу үшін жасағанын мойындады.
Сот ер адамның бұған дейін де істі болғанын ескеріп, оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
"Түрмені сағынған" - Ақмола тұрғыны түрмеге түсу үшін өтірік айтқан
Президент: Мектептер сапалы біліммен қатар тағылымды тәрбиенің ошағы болуы керек
15:16, 26 тамыз 2026
Педагогтерді ығыр қылатын қағазбастылықтан, бітпейтін есептен босату керек – Тоқаев
14:45, 26 тамыз 2026
Тоқаев 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіде тіркелуіне тыйым салуды ұсынды
14:38, 26 тамыз 2026
«Нағыз сорлы еркектің тірлігі»: Жеңіс Ысқақова әйелін сабайтындарға шүйлікті (ВИДЕО)
21:11, 25 тамыз 2026
«Тоқаевты Майамиде күтетінін айтты»: Америкалық делегация Трамптың сәлемін жеткізді
21:00, 25 тамыз 2026
«Екі ақиқат бар…»: Жұлдыз Әбдікәрімова отбасындағы ауыр жағдай туралы айтты (ФОТО)
18:04, 25 тамыз 2026