Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түрмедегі Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Түрмедегі Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады
 

Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады, деп жазады Alash.KZ.

Биыл 2 мамырда сотқа сотталушыдан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түскен.

"Бұл өтініш әлі қаралған жоқ", - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, Абылай Мырзахметов Павлодар облысындағы № 46 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр. 

Былтыр "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовке сот үкімі шыққан.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Абылай Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 190-бабы  4-бөлігінің 2) тармағы).

Сот үкімімен А.Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд. теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 1
  • 0
  • 0
  • 3
  • 2
Жарнама
Соңғы жаңалықтар