Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркияда 7 қабатты тұрғын үй опырылып, бірнеше адам қиранды астында қалды (ВИДЕО)

19:18, 29 қазан 2025 191

Түркияның Коджаэли қаласында жеті қабатты тұрғын үй кенеттен құлап, бірнеше адам қиранды астында қалған, деп хабарлайды Alash.kz.

Қазір оқиға орнында жүзден астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, полиция мен жедел жәрдем қызметі де оқиға орнына жеткен.

Апат Гебзе ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ғимараттың құлау себебі әзірге анықталған жоқ. Үйдің бірінші қабатында дәріхана орналасқан, ал ғимараттың дәл жанында метро құрылысы жүріп жатқан.

Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликаяның айтуынша, бес адам қиранды астында қалуы мүмкін. Құтқару жұмыстарына 147 қызметкер тартылған. Олардың қатарында Төтенше жағдайлар басқармасы, жергілікті әкімдік және үкіметтік емес ұйымдардың мамандары бар.

Іздеу жұмыстарына арнайы техника, дрондар және иттер де жұмылдырылған.

Коджаэли провинциясының губернаторы Ильхами Акташ мәлімдегендей, қазіргі басты мақсат – қиранды астындағы адамдарды аман алып шығу.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар