Аққайың ауданының Безлесное ауылында тұрғын үйде өрт шықты. Құтқарушылар өртті жылдам сөндіргенімен, зейнеткердің мүрдесі табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД мәлімдеді.
Өрт туралы хабар 15 ақпан күні кешке түскен. Құтқарушылар келгенде, өрттің тек тұрғын үйді ғана емес, жанындағы шаруашылық ғимаратын да қамтығанын көрді.
«Өрт сөндіру барысында 1938 жылы туған ер адамның денесі табылды. Өрт сөндірушілер мен ерікті құрамалардың жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында от 84 шаршы метр аумақты алып, толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деп хабарлады ТЖД.
Сонымен қатар, үйде қарт әйел де болған, ол аман қалды.