Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Туған қызын тұншықтырып, басын кесіп тастаған” - 19 жасар қыздың сұмдық қазасы елдің жағасын ұстатты

14:50, 23 тамыз 2025 759

Үндістанда 19 жастағы қыздың өліміне байланысты сұмдық қылмыс тергеліп жатыр. Жергілікті полиция оқиғаны “ар-намыс үшін жасалған кісі өлтіру” деп бағалауда, деп жазады Alash.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті – Али Хасрат есімді ер адам. Тергеу деректеріне сәйкес, ол туған қызы Таманнаны отбасының абыройын түсірді деп айыптап, аяусыз өлтірген.

Қыз – Таманна есімді 19 жастағы студент. Ол екі рет жергілікті жігітпен бірге қашып кетуге тырысқан. Бірінші әрекетінен кейін әкесі мен өгей шешесі қызды ұрып-соққан. Ал 8 тамызда қайтадан үйден кетпек болған сәтінде, әкесі әйелі және қайын атасымен бірге қызды ұстап алып, туыстарының үйіне апарған.

Полиция дерегінше, сол жерде оған есірткі қосылған тағам беріліп, есінен тандырған. Кейін Хасрат қызын тұншықтырып, басын кесіп тастаған. Тергеушілер күдіктінің әйелі мен қайын атасын да қылмысқа қатысы бар деп отыр.

Марқұмның денесін танылмастай етуге тырысқанымен, киіміндегі кесте арқылы жергілікті тұрғын оның кім екенін танып қойған.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Полиция оқиғаны “құрмет үшін жасалған қылмыс” ретінде қарастырып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар