Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Транстелеком» компаниясына жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

13:25, 05 қазан 2026

«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Бектас Мұкажанов компанияның Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Басқарма төрағасы ретінде ол «Транстелеком» АҚ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырып, компанияның стратегиялық мақсаттарының іске асырылуын, бизнестің негізгі бағыттарының дамуын және операциялық қызметтің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Компанияның негізгі басымдықтары қатарында телекоммуникациялық және цифрлық инфрақұрылымды дамыту, технологиялық жобаларды іске асыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ корпоративтік және мемлекеттік секторларға арналған шешімдерді одан әрі дамыту бағыттары сақталады.

«Транстелеком» АҚ компанияның тұрақты дамуына және нарықтағы позициясын нығайтуға бағытталған ағымдағы жобалар мен бастамаларды жүйелі түрде іске асыруды жалғастырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар